Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімнің тоқтатылуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне себеп болып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қақтығысушы тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастыруда. Осыған байланысты Brent маркалы мұнайдың фьючерстік бағасы бір тәулікте 1 долларға өсіп, барреліне 79 доллардан асты. Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы қазір барреліне 74 доллар деңгейінде саудалануда.
Мұнайдың қымбаттауы әлем тұрғындары үшін коммуналдық шығындардың артуына әкелуі мүмкін. Қыс мезгілінде газ бен электр энергиясының төлемдері өсуі ықтимал. Сонымен қатар жанармай құю бекеттеріндегі бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасының да қымбаттау қаупі сақталып отыр. Бұл туралы The Guardian басылымы жазды.
Мазмұнға өту
