Қаржы

Brent мұнайының бағасы 105 доллардан асты

Сурет: istockphoto.com

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 105 доллардан асып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 30 пайыздан астам, ал жыл басындағы бағадан 70 пайызға жоғары.

Мұнай бағасының күрт өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы жалғасып жатқан қақтығыс себеп болды. Қақтығыс Ормуз бұғазы арқылы теңіз қатынасына кедергі келтіріп отыр.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі мен Кореяның Samsung E&A мұнай өңдеудегі ынтымақтастықты дамытуды талқылады. Келіссөз аясында Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу кешенін салу бойынша жұмыс басталатындығы айтылды.

Көп оқылғандар