Сурет: Egemen Qazaqstan
Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,7%-ға көтеріліп, барреліне 72 доллардан жоғары саудаланып жатыр. Әлемдік мұнай нарығында қара алтын құны қайта өсе бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дегенмен бұл өсім жалпы ахуалды әлі өзгерткен жоқ. Соңғы бір айда мұнай бағасы шамамен 24%-ға төмен күйінде қалып отыр.
Уран бағасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бір ай ішінде оның құны бұрынғы деңгейде қалды. Бұл нарықтағы инвесторлардың әзірге асықпай, жағдайдың өзгеруін күтіп отырғанын көрсетеді.

