Жайық news

БҚО тұрғындары Batys Hub курстарын тегін оқи алады

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының тұрғындары кәсіпкерлік негіздерін, жасанды интеллектпен жұмысты, цифрлық өнімдер жасауды және фриланс саласындағы мансапты тегін меңгере алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік инновациялар және кәсіпкерлік орталығы Batys Hub арнайы промокодтар арқылы бес білім беру курсына қолжетімділік ұсынады. Бағдарламалар онлайн форматта, ыңғайлы уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен оқуға мүмкіндік береді.

Орталықтың мәліметінше, қазіргі уақытта 100 промокод қолжетімді. Курстар жаңадан бастаушыларға да, бұрыннан бар дағдыларын дамытқысы келетіндерге де арналған. Оқуды аяқтаған соң сертификат беріледі.

Бес бағыт ұсынылады: Startup Academy — технологиялық стартап құруға бағытталған практикалық курс; Startup School — IT-кәсіпкерлік негіздерімен таныстырады; Prompt Engineering — жасанды интеллектпен тиімді жұмыс істеуге үйретеді; Freelance School — халықаралық фриланс алаңдарының ерекшеліктерін меңгертеді; No Code / Low Code School — бағдарламалаусыз цифрлық өнімдер жасауға мүмкіндік береді.

Промокодты өңірлік IT-хаб арқылы алып, таңдалған курсқа белсендіру қажет. Қосымша ақпаратты Batys Hub-тың Instagram парақшасынан білуге болады: https://www.instagram.com/batys.hub/

Көп оқылғандар