Жайық news

БҚО прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 8,8 млрд теңге тұратын жобаны жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады. Бұл жоба электр энергиясын есептеуге арналған отандық құралдарды шығаруға бағытталған және 50 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС «Қазақстандық құбыр жүйелері» ЖШС-нің (NERO Group компаниялар тобы) өнімін қабылдаудан және пайдалануға беруден бас тартқаны анықталды. Кәсіпорын 6-12 айға созылатын қосымша аймақтық сынақтарды талап еткен.

Алайда инвестор шығарған есептеу құралдарының қажетті сертификаттары болған, бұл қосымша сынақтардың қажеттілігін жоққа шығарды.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментіне қадағалау актісі енгізілді. Нәтижесінде РЭК-тің міндетті сынақтар туралы талабы алынып тасталды.

Соның арқасында инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, отандық өнімді ілгерілетуге кедергілер жойылды.

Инвестицияларды қорғау және өңір үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау облыс прокуратурасы жұмысының басым бағыттары болып қала береді.

Көп оқылғандар