Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Талдау барысында коммуналдық кәсіпорынның салық декларациясына жұмысшылар жоқ деген жалған мәліметтер енгізіп, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және заңнамада көзделген басқа да төлемдерді шамамен 4 млн теңгеге аудармағаны белгілі болды.
Алайда «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесін мониторингілеу кезінде кәсіпорында 74 қызметкер жұмыс істейтіні анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, 74 жұмысшының құқығы қалпына келтірілді.
Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Мазмұнға өту
