Жайық news

БҚО-да нөмірін жасырған жүргізушілер ұсталды

Сурет: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында патрульдік полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен көлік нөмірлерін әдейі жасырып келген жүргізушілерді анықтап, жолын тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы жағдайда ЗИЛ жүк көлігінің жүргізушісі алдыңғы мемлекеттік нөмірлік белгіні шүберекпен жасырған. Екінші жағдайда МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі нөмірдің көрінуіне кедергі жасау үшін көліктің алдыңғы бөлігіне арнайы құрылғы – құбыр орнатқан. Бұл құрылғы кабинадағы батырма арқылы ашылып-жабылатын етіп жасалған.

«Бірінші жағдайда ЗИЛ жүк көлігінің жүргізушісі көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірлік белгісін шүберекпен жауып қойса, екінші жағдайда МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірдің көрінуіне кедергі келтіру үшін көліктің алдыңғы бөлігіне арнайы құрылғы – құбыр орнатқан. Аталған құрылғы жүргізуші кабинасындағы батырма арқылы ашылып-жабылатын етіп жасалған», делінген ақпаратта.

Полиция көлік құралдарын мемлекеттік нөмірлік белгілерді жасыратын немесе олардың көрінуіне кедергі келтіретін құрылғылармен өз бетінше қайта жабдықтауға жол берілмейтінін ескертеді.

Еске салайық, жыл басталған кезде ел аумағында жалған, жасырылған немесе мүлде орнатылмаған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен жүрген көліктерге қарсы кешенді шара басталғаны туралы хабарлаған едік.

Көп оқылғандар