Сурет: Жайық Пресс
Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін қасақана жасырудың екі фактісін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бір жағдайда ЗИЛ маркалы өзі аударғыш көлігін басқарған жүргізуші алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін матамен жапқан. Екінші жағдайда МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі көліктің алдыңғы бөлігіне мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға арналған құбыр тәрізді арнайы құрылғы орнатқан.
Құрылғы жүргізуші кабинасындағы түймені басу арқылы ашылып-жабылатындай етіп жасалған. Патрульдік полиция қызметкерлері бұл құқықбұзушылықтарды уақтылы анықтап, жолын кесті.
Осыған байланысты полиция көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыратын немесе оның көрінуіне кедергі келтіретін құрылғыларды орнату арқылы өз бетінше қайта жабдықтауға жол берілмейтінін ескертеді.
