Жайық news

БҚО-да Манғыстау облысындағы қайғылы оқиғада қаза тапқан әскерилер жер қойнына тапсырылды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында Манғыстау облысында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілер жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аза тұту рәсіміне БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Құрылтайының депутаттары Тұрарбек Тілемісов пен Мұратбек Мұхамедиев, БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қарулы күштер өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен қызметтестері қатысты.

Рәсімге қатысушылар қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтты. Отан қорғаушыларды еске алу үшін дұғалар оқылып, еске алу рәсімдері жасалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, материалдық қолдау және еске алу іс-шараларын ұйымдастыруға толық жәрдем көрсету сияқты қажетті жан-жақты көмек көрсетілуде.

Қаражат жинау үшін бұрын арнайы қор айқындалған болатын. Жиналған барлық ресурстар қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге толық адрестілік және ашықтық қағидаттарында, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауымен жіберіледі.

Көп оқылғандар