Жайық news

БҚО-да балабақша бухгалтері 29 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысында балабақша бухгалтері бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық экономикалық тергеу департаменті прокуратураның үйлестіруімен 29 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша істі сотқа жіберді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мектепке дейінгі мекеменің бухгалтері басшылықтың сеніміне кіріп, меңгерушінің электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізген.

Ол басшының ЭЦҚ-сы мен бухгалтерлік бағдарламаны пайдаланып, жалақыны негізсіз есептеп, өз банктік шотына жүйелі түрде аударып отырған. Салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 29 млн теңге шығын келген.

Департамент ұйым басшыларын бюджет қаражатының жұмсалуына, жалақы есептелуіне және ЭЦҚ пайдаланылуына тиісті бақылау орнатуға шақырды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Көп оқылғандар