БҚО ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ ӨҢІР ХАЛҚЫН ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ   

«Атамекен» өнер ордасында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аймақ басшысы батысқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, өңірде қорғаныс қабілетін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

— Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен қорғаныс өнеркәсібін дамытуға облысымыз да өзіндік үлес қосып келеді. Күні кеше тарихы терең «Зенит» зауыты еліміздегі ең ірі көпфункционалды кемені жасап шығарды. Әскери теңіз күштерінің әлеуетін арттыра түсетін су көлігі Ақтау айлағына аттанды. Бұл – жергілікті кәсіпорын жұмысшыларының ерен еңбегі, — деді облыс әкімі.

Нариман Төреғалиев Отанды қорғау тек қарудың күшімен өлшенбейтінін, біліммен, еңбекпен және жауапкершілікпен де көрініс табатынын атап өтті.

— «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» демекші, әрбір азаматқа атамекеннің берік қалқаны болу – қасиетті борыш. Отан қорғау – тек әскери міндет емес, ол – әрқайсымыздың перзенттік парызымыз, елге деген адалдық пен жауапкершіліктің көрінісі, — деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында қалтқысыз қызметі мен азаматтық белсенділігі үшін құқық қорғау, аумақтық департаменттер, әскери құрылым мен ҮЕҰ өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония «Жасай бер, Ұлы Отан!» атты мазмұнды мерекелік концертін ұсынды.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Мереке күндері қандай ауа райы күтіледі: Қазгидромет болжамы

Қазгидромет алдағы мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегінше, елдің басым бөлігінде күн…

Швейцариялық SWISS ұшағы Алматыға шұғыл қонды: Сеул-Цюрих рейсі тоқтатылды

Швейцариялық SWISS әуе компаниясының ұшағы Сеул-Цюрих рейсінде Алматы әуежайына шұғыл қонды. Борттағылар аман.

Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін

Президент үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шенін беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.