Сурет: olympic.kz
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың оныншы күнінде әйелдер арасында финалдық кездесулер өтеді. Финалистер толығымен анықталды.
U19 санаты бойынша күндізгі сессияда (Қазақстан уақыты бойынша сағат 11:00) келесі спортшылар күш сынасады: Камила Оспанова — Мафтуна Янгиева (Өзбекстан), Айдана Убайдуллақызы — Мега Шеоканд (Үндістан), Зарина Толыбай — Пречи Токас (Үндістан), Гүлназ Бөрібаева — Содон-Од Биндерия (Моңғолия), Анита Адишева — Гулсевар Ганиева (Өзбекстан), Ұлжан Сәрсенбек — Хуморабону Мамажонова (Өзбекстан), Азиза Исина — Райхона Курбонбоева (Өзбекстан), Шұғыла Нәлібай — Мускан (Үндістан), Құралай Егінбайқызы — Рухшона Парпиева (Өзбекстан).
Мазмұнға өту
