Спорт

Бокстан Азия чемпионаты: 12 шілдедегі жартылай финалдық жекпе-жектер

Сурет: ҰОК

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жарыстың сегізінші күнінде U23 санаты бойынша жартылай финалдық кездесулер өтеді. Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен сағат 10:00-де басталады. Бұл сессияда Гүлназ Бөрібаева Жапониядан келген Ю Миатамен, Анита Адишева Тайпейден келген И-Хуан Гуомен, Ұлжан Сәрсенбек Вьетнамнан келген Зи Зом Вумен, Аяжан Ермек Өзбекстаннан келген Муштарибону Иброхимжонмен, Азиза Исина Үндістаннан келген Шиванимен, Шұғыла Нәлібай Оңтүстік Кореядан келген Нахион Киммен, Панар Сейітханқызы Үндістаннан келген Приянкамен кездеседі.

Кешкі сессия Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Онда Бексұлтан Боранбек Өзбекстаннан келген Фариозбек Дусматовпен, Нұрасыл Төлебек Таиландтан келген Занапфансакон Каласираммен, Нұрбек Мұрсал Қатардан келген Мохаммед Лкссад Дбичимен, Аман Қонысбек Үндістаннан келген Ниражбен, Өнер Сейілхан Қырғызстаннан келген Сағын Сатыбалды уулумен, Темірлан Мұқатаев Индонезиядан келген Рико Прайогимен, Ибрагим Бетаев Оңтүстік Кореядан келген Сангин Паркпен, Аслан Елдібайұлы Өзбекстаннан келген Озодбек Алиевпен жұдырықтасады.

Бұған дейін сегіз қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының 1/2 финалына жолдама алғаны хабарланған болатын.

Көп оқылғандар