Басты тақырып

«Блогерлер онлайн-курстарды желеу етіп, лотерея өткізіп жатыр» – депутат

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырып жүрген блогерлерге қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, кейбір танымал желі белсенділері заңдағы олқылықтарды пайдаланып, түрлі онлайн-курстар мен марафондардың атын жамылып, лотерея түрінде ақша жинап жүр.

— «Онлайн-бизнес, курс, марафон деп жариялайды, бірақ шын мәнінде бұл — заңсыз лотерея. Мұндай әрекет азаматтарды алдау ғана емес, қоғамда құмар ойынға тәуелділікті арттыруға ықпал етеді. Сондықтан заңды күшейту қажет», – деді депутат.

Сонымен қатар Елнұр Бейсенбаев заңсыз әрекетке барған бірнеше блогердің атын атап, құзырлы органдарды шара қабылдауға шақырды.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *