Қаржы

Бірыңғай QR жүйесі банк кэшбэктеріне әсер етпейді — Ұлттық банк

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда бірыңғай QR жүйесі енгізілгеннен кейін де азаматтар банктерден әртүрлі көлемде кэшбэк ала береді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бинұр Жәленовтың айтуынша, бірыңғай QR-кодтың іске қосылуы кэшбэк саясатына әсер етпейді. Әрбір қаржы ұйымы өз клиенттеріне арналған бағдарламаларын өздері әзірлеп, кэшбэк мөлшерін өз бетінше анықтайды.

Біз Ұлттық банк және төлем нарығын реттеуші ретінде тарифтердің қалыптасуын, сондай-ақ банк пен клиент арасындағы қарым-қатынасты реттемейміз. Бұл – бәсекелестікке негізделген нарықтық мәселе, — деді Бинұр Жәленов.

Оның сөзінше, қазірдің өзінде елімізде кемінде 3 банк бірыңғай QR жүйесін пайдаланушыларға арналған арнайы адалдық бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк бірыңғай QR-код жүйесінің таныстырылымын өткізді. Аталған жүйе 19 шілдеден бастап барлық банктерде іске қосылады.

Көп оқылғандар