Спорт

Берлиндегі WTT турнирінде қазақстандық спортшылардың қарсыластары анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

19-23 тамыз аралығында Германия астанасы Берлинде үстел теннисінен WTT Feeder Berlin халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жарысқа 20 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан командасының ойыншылары да бар. Қазақстан құрамасының сапында Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов пен Жанерке Қошқұмбаева сынға түседі.

Бүгін топта өнер көрсететін біздің спортшылардың қарсыластары белгілі болды. Санжар Жұбанов — Амирмахди Кешаварзи (Иран), Алекси Рясянен (Финляндия). Айдос Кенжеғұлов — Ценг Цзы-Ю (Қытай Тайбэйі), Кристиан Нгелека (Конго). Жанерке Қошқұмбаева — Иоана Сингеорзан (Румыния), Александра Михалак (Польша), Зузанна Павелец (Польша). Ал Алан Құрманғалиев турнирді бірден 1/16 кезеңінен бастайды.

Көп оқылғандар