Қаржы

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тарихта алғаш рет 40 триллион доллардан асты

Сурет: ашық дереккөз

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігінің мәліметінде көрсетілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

18 тамыздағы жағдай бойынша АҚШ-тың жалпы мемлекеттік қарызы 40 триллион 47 миллиард долларды құрады. Оның 32 триллион 265 миллиард доллардан астамы халық пен ұйымдар алдындағы міндеттемелер, ал 7 триллион 781 миллиард доллардан астамы үкімет ішіндегі қарыз.

Қаржы министрлігінің дерегінше, Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімінде қарыз бірінші кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда жылдам өсуде. 2025 жылы Трамп қызметке кіріскеннен бері 19 ай ішінде мемлекеттік қарыз 3,83 триллион долларға артқан, ал оның алғашқы мерзіміндегі осы кезеңде өсім 1,47 триллион доллар болған. Жалпы 2017–2021 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 7,8 триллион долларға көбейген.

Қазіргі уақытта АҚШ-та заңмен белгіленген мемлекеттік қарыздың шекті деңгейі 41 триллион 103 миллиард долларды құрайды.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік қарызы Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ел экономикасының көлемінен асып түскені хабарланған еді.

Көп оқылғандар