Қаржы

Білім грантына өтінімді eGov арқылы қалай беруге болады?

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда білім беру гранттары конкурсына өтінім қабылдау 13 шілдеде басталады. Талапкерлер қажетті құжаттарды eGov.kz порталы арқылы 20 шілдеге дейін онлайн тапсыра алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өтінім рәсімдеу үшін жеке кабинетке аттестат немесе дипломның цифрлық көшірмесі, 3х4 фотосурет, ал ұшу мамандықтарына түсушілер үшін медициналық қорытынды жүктелуі керек. Портал арқылы әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ерекше мәртебені растауға да болады.

Жүйеге түсетін жүктемені азайту үшін электрондық кезек және 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберу қызметі енгізілген. Бұл талапкерлерге өтінім беру уақыты жақындағаны туралы алдын ала ескерту жасайды.

Гранттар конкурсының нәтижелері мен грант тағайындалғаны туралы электрондық куәліктер талапкерлердің жеке кабинеттерінде 10 тамыздан кешіктірілмей қолжетімді болады.

Көп оқылғандар