Қаржы

Бензин сапасына шағымдар артты: министрлік тексеру бастады

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда автомобиль бензинінің сапасына қатысты зертханалық тексеру жүргізілуде. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отын зауыттан бастап жанармай құю станцияларына дейінгі барлық кезеңде сарапталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта азаматтардан түскен 12 өтініш қаралуда. Оның 9-ы Астана қаласынан, біреуі Павлодардан, ал екеуі Солтүстік Қазақстан облысынан келіп түскен.

Министрлік 17 жанармай құю станциясына бақылау жүргізген. Оның ішінде 5 станция Алматы қаласында, 5-еуі Алматы облысында, 6-уы Абай облысында және біреуі Жамбыл облысында орналасқан. Қазір алынған отын үлгілеріне зертханалық сынақ жасалуда.

«Тексеру барысында сынамалар бүкіл жеткізу тізбегі бойынша, соның ішінде мұнай базаларынан да алынады. Егер автомобиль бензинінің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Атап айтқанда, талапқа сай емес жанар-жағармай материалдарын сатуға тыйым салынып, олар айналымнан алынуы мүмкін», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев елімізде жанармай тапшылығы қаупі жоқ екенін, алайда жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына жол бермеу үшін бақылау күшейтілетінін мәлімдеген.

Көп оқылғандар