Сурет: Egemen Qazaqstan
Беларусьтің Витебск облысына ұйымдастырылған еңбек көші-қоны бағдарламасы аясында барған Өзбекстан азаматтары жұмыс жағдайы мен жалақы мөлшеріне наразылық білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
13 шілдеде чартерлік рейспен Әндіжан облысынан Витебскіге 255 еңбек мигранты келген. Олардың алғашқы тобы келгеннен кейін наразылық туындаған.
Интернетте мигранттардың Әндіжан облысы әкіміне жолдаған бейнеүндеуі жарияланды. Онда олар Беларусьте ұсынылған жұмыс жағдайына көңілдері толмайтынын айтқан.
Құрметті хоким, егер біз мұнда 500 доллар жалақыға жұмыс істесек, оның 200 доллары тамаққа, 100 доллары сабын мен басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. Қалған 200 доллар үшін мұнда уақытымызды өткізудің мәні жоқ, — дейді жұмысшылардың бірі.
Беларусь президенті Александр Лукашенко өзбекстандық еңбек мигранттарын отбасымен бірге Беларуське қоныс аударуға шақырған еді. Бұл ұсынысты ол 8-9 шілдеде Минскіге ресми сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесуде айтқан.
Мазмұнға өту
