Categories Ақорда

Бектенов: Отандық өндірушілерді қолдау – басты басымдық

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысын өткізді. Онда мемлекеттік сатып алу мен өнеркәсіпте отандық өнімнің үлесін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бектеновтің айтуынша, елімізде импортты алмастыру бағытында нақты жұмыс жүріп жатыр. Үкімет отандық өндірушілерге жеңілдіктер мен преференциялар беруді жалғастырады.

«Отандық өндірушілерді қолдау – басты басымдық. Бұл барлық салаға қатысты. Біздің мақсатымыз – ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру», – деді премьер-министр.

Кеңес барысында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтты. Олардың көпшілігі мемлекеттік сатып алудағы кедергілерді азайтуды сұрады. Бектенов бұл мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Ұқсас жазбалар

Балаева: Бала – мемлекеттің басты капиталы

Аида Балаева балаларды мемлекеттің басты капиталы деп атап, олардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше көңіл бөлу…

Бектенов Air Products басшысымен газ химиясындағы ынтымақтастықты пысықтады

Премьер-министр Олжас Бектенов Air Products компаниясының өкілімен кездесіп, газ химиясы саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады: Президент Жарлығы

Қазақстанда мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есеге артады. Президент Жарлығының жобасы жарияланды.