Бектенов инвесторларды қорғауды күшейтіп, кедергілерді жоюды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторлардың құқығын қорғау мен инвестициялық жобаларды іске асырудағы кедергілерді жоюды тапсырды. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы инвесторлардың алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, кейбір жергілікті әкімдіктер инвесторларға қолдау көрсетудің орнына қосымша кедергілер туғызады.

«Инвесторлардың құқығын қорғау жүйесін күшейту керек. Кез келген бюрократиялық кедергі бизнестің дамуына кедергі келтіреді», – деді Бектенов.

Сонымен қатар, премьер-министр инвестициялық жобалардың мерзімінде іске асуын қадағалауды тапсырды. Жобалардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық платформаларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.