Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мен халықаралық әуе қатынасын кеңейту елдің экономикалық өсуі үшін маңызды бағыт екенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмысын жеделдетуді тапсырды. Бұл шаралар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, туризм мен бизнестің дамуына серпін береді.
«Біз әуе қатынасын кеңейту арқылы еліміздің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтеміз. Бұл – экономикалық өсімнің драйвері», – деді Бектенов.
Премьер-министр тиісті министрліктерге нақты жоспар әзірлеп, қысқа мерзімде іске асыруды тапсырды. Жаңа бағыттардың ішінде Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне ұшулар қарастырылуда.

