Сурет: primeminister.kz
Үкімет қаулысымен Бекболат Молдабеков Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Әділет вице-министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бекболат Серікұлы Молдабеков 1991 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Ол Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін бітірген.
Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы ретінде бастаған. 2022 жылдың қарашасынан бері Әділет вице-министрі қызметін атқарып келді.

