Әлем

Бейжің мен Бішкек арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды

Сурет: Көлік министрлігі

Air China әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан астаналары арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жұма күні жергілікті уақытпен сағат 20:40-та Бейжің халықаралық Шоуду әуежайынан ұшқан CA893 рейсі Бішкектегі «Манас» әуежайына сәтті қонды. Бұл бағыт бойынша рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері екі бағытта да орындалады.

CA893 рейсінің ұшу уақыты 5 сағат 40 минутты, ал кері бағыттағы CA894 рейсі 4 сағат 50 минутты құрайды.

Көп оқылғандар