Қоғам

Бастауыш сыныптарда бұрын бағаланбаған пәндер бойынша да бағалау жүргізіледі

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Бастауыш сыныптарда бұрын жеке бағаланбаған «Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативтік бағалау енгізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

«Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды», деді ол.

Оның айтуынша, бұл қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді.

«Керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді», деді спикер баспасөз конференциясында.

Бұған дейін биылғы оқу жылында қай сыныптардың оқулықтары жаңаратыны туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Ақмола облысының білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын.

Көп оқылғандар