Сурет: «Қазгидромет»
11 қазанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алайда бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, түнде кей жерлерде үсік жүреді. Оңтүстік, батыс және орталық өңірлерде күн жылы болғанымен, елордада қолайсыз ауа райы күтіледі.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Шығыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа жетіп, күндіз 30 м/с-тан асады. Түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +3…+5°C болады.
Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Таразда жауын-шашынсыз, күндіз +20…+27°C аралығында. Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар, Өскемен және Семейде түнде −1…−3°C үсік жүреді, күндіз +11…+15°C жылы. Көкшетау мен Петропавлда күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Синоптиктер қазан айында елімізде ауа райы жылы әрі жауын-шашын мөлшері орташа болатынын болжады.
