Қоғам

Жедел жәрдем бригадалары смарт-бейнежетондармен жабдықталады

Сурет: Үкімет

Жыл соңына дейін 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы мен 3,8 мыңнан астам медицина қызметкері смарт-бейнежетондармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Медицина қызметкерлерін қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында елімізде цифрлық шешімдер енгізілуде. Олардың қатарында полициямен шұғыл байланысуға арналған смарт-бейнежетондар мен SOS батырмалары, вакциналардың сақталуын бақылайтын «Суық тізбек» жүйесі, сондай-ақ ауылдық жерлердегі 655 медициналық ұйым мен ҚАЖ жүйесінің 72 мекемесінде орнатылған телемедициналық кешендер бар.

«Қазақтелеком» өкілі Бахтияр Қожахметовтың айтуынша, жыл соңына дейін 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы мен 3,8 мыңнан астам қызметкерді бейнежетондармен қамту жоспарланып отыр. Ал телемедицина қашықтан 24-ке дейін зерттеу түрін жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жасанды интеллект радиологиялық скрининг уақытын 3 күнге дейін қысқартты.

Көп оқылғандар