Оның негізгі қағидаттары білім мен ғылымды дамытуға, еңбекқорлық пен кәсібилікті арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және қоғамның ілгерілеуіне негізделген.
Қазіргі таңда адам капиталы – ел дамуының басты ресурстарының бірі. Сапалы білім, ғылым, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен инновацияларды дамыту экономиканың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, білікті кадрларға сұранысты арттыруда.
Бұл бағыттар Батыс Қазақстан облысында да өзекті. Өңірде жастардың білім алуына, техникалық және кәсіптік мамандықтарды меңгеруіне, кәсіпкерлік пен инновациялық бастамаларды жүзеге асыруына жағдай жасауға басымдық берілуде.
Әсіресе жастардың заманауи білім мен цифрлық дағдыларды меңгеруі маңызды. Өйткені білімді, кәсіби әрі бастамашыл ұрпақ – өңірдің ғана емес, тұтас елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі күш.
Конституция айқындаған басты бағдар – білімге, ғылымға, еңбекке және инновацияға сүйенген, болашаққа сенімді мемлекет қалыптастыру.
