Қоғам

Бастауыш сынып оқушыларын бағалау тәсілі өзгереді

Сурет: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесін қайта қарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешімге ата-аналардың өтініштері, мұғалімдердің ұсыныстары мен тәжірибесі, оқушылардың үлгерім мониторингі, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің нәтижелері себеп болды.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарованың айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда жаңартылған бағалау тәсілдері енгізіледі.

«Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады», деді ол.

Енді бастауыш сыныптарда бөлімдік жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді. Оның орнына әр бөлім аяқталғаннан кейін аралық бағалау жүргізіледі.

Көп оқылғандар