Сурет: Ашық дереккөз
Бангладеш президенті Мохаммад Шахабуддин денсаулығына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Менің денсаулығыма байланысты мәселелер бар», – деді ол отставкаға кету себебін түсіндіре отырып.
Президенттің қызметінен кетуіне байланысты Ұлттық парламенттің спикері Хафиз Уддин Ахмед шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Конституцияға сәйкес, жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін президенттің міндетін парламент спикері атқарады.
Мохаммад Шахабуддин 2011–2016 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның комиссары қызметін атқарған. Ал 2023 жылғы 24 сәуірде «Авами Лиг» партиясы үкіметі тұсында бес жылдық мерзімге Бангладештің 22-президенті болып қызметіне кіріскен.
Айта кетейік, наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен оның барша отандастарын Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.
Мазмұнға өту
