Әлем

Азербайжан мен Өзбекстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылды

Азербайжан мен Өзбекстан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының толық мүшесі атанды. Екі ел ұйым жарғысына қол қойып, географиясын кеңейтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешім ұйымның азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығын нығайта түспек. Жаңа мүшелердің қосылуы өңірлік және халықаралық деңгейде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

«Азық-түлік қауіпсіздігі – біздің ортақ мақсатымыз. Жаңа мүшелердің қосылуы ұйымның әлеуетін арттырады», – деді ұйым өкілдері.

Қазіргі таңда ұйым құрамына бірнеше ислам мемлекеті кіреді. Алдағы уақытта басқа да елдердің мүше болуы күтілуде.

Көп оқылғандар