Қаржы

«Атамекеннің» экс-басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Сурет: «Атамекен» ҰКП

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов түрмеден босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оны мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот ақпан айында қабылдаған. Абылай Мырзахметов шартты түрде босап шығуға өтініш берген.

Ведомствоның хабарлауынша, оның мінез-құлқы оң бағаланған. Жазасын өтеу кезінде колонияда тігін цехын ашқан. Жазаның өтелмеген бөлігі бойынша ол тұрғылықты жерінде пробациялық бақылауда болады.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында Абылай Мырзахметов аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкіміне сәйкес, оның 2023 жылғы 10 мамырдан бері қамауда өткізген уақыты «бір күн – бір жарым күн» қағидаты бойынша есептелді. Осылайша ол 2 жыл 9 айын қамауда өткізіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Көп оқылғандар