Сурет: fighttime.ru
ММА файтері Асу Алмабаев Ыстанбұлда өткен ACBJJ 22 турнирінде титулдық жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен All-Stars Title Match кездесуінде отандық спортшы Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен күш сынасты. Жекпе-жек No-Gi ережесімен, яғни кимоносыз күрес форматында өтті. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Асу Алмабаев жеңіске жетті.
Бұған дейін Алмабаев RAF 12 турнирінде еркін күрестен бақ сынап, америкалық Джонни ДиДжулиусқа есе жіберген еді. Спортшының ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтіп, онда ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишн әдісімен жеңген болатын.
Шілде айында UFC жауынгері Meta рейтингінде екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға жайғасқанын еске сала кетейік.
