Қоғам

Астанадан Құлжаға тікелей әуе рейстері ашылады

Сурет: ашық дереккөз

FlyArystan әуе компаниясы 26 қазаннан бастап Астанадан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына тікелей рейстер орындайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рейстер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Инин қаласы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан.

Бұл бағыт әуе компаниясының Қытайға қатынайтын төртінші бағыты болмақ. Бұған дейін FlyArystan Үрімші, Сиань және Чунцин қалаларына рейстер ашқан.

23 қыркүйекте «FlyArystan» Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосқанын, олар аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері «Airbus A320neo» әуе кемелерімен орындалатынын хабарлаған еді.

Көп оқылғандар