Басты тақырып

Ресейлік ұшақ Қазақстан үстінде апат дабылын беріп, Омбыға қонды

Сурет: S7 Airlines

Ресейдің S7 Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Қазақстан аумағында апат дабылын бергеннен кейін Омбы әуежайына сәтті қонды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 19 қазанда, Новосібір – Махачкала бағыты бойынша ұшып бара жатқан әуе кемесі Көкшетау маңында Squawk 7700 төтенше жағдай кодын жіберген. Бортта техникалық ақаулар анықталған.

S7 Airlines хабарлауынша, экипаж қосалқы әуежайға – Омбыға қонуға шешім қабылдаған.

«Ұшақ Омбы әуежайына сәтті қонды. Рейстің әрі қарай орындалуы туралы ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», деп мәлімдеді әуе компаниясы.

Сондай-ақ, Тель-Авивтен Венаға ұшып бара жатқан Austrian Airlines компаниясының Airbus A320 ұшағы бомба қойылуы мүмкін деген хабардан кейін Болгарияға шұғыл қонғанын айта кетейік.

Көп оқылғандар