Басты тақырып

Мемлекет басшысы атынан 5 жас ғалымға тұрғын үй сертификаты берілді

Сурет: istockphoto.com

Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай өткен салтанатты жиында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының бес жас ғалымына Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификаты табысталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Солардың бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Есенаманова. Жас ғалым бұл марапатты ғылым жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға және болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қолдау деп бағалады.

Тұрғын үй сертификатының иегері атанған Әйгерім Серікқызы өз қуанышымен бөлісіп, жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады.

Көп оқылғандар