Басты тақырып

Тоқаев құтқарушыларды мерекемен құттықтады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, азаматтық қорғаныс саласын дамытуда озық технологияларды енгізу мен материалдық-техникалық әлеуетті нығайтудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сөзінше, соңғы бес жылда құтқарушылар 75 мыңнан астам жедел шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсеткен.

«Мемлекет азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде бұл салаға қойылатын талап түбегейлі өзгеруде. Ең басты міндет – апаттың алдын алу. Сондықтан осы салаға озық технологияны және жасанды интеллектіні енгізу аса маңызды. Құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту да – өзекті мәселе қатарында. Қазір бұл бағытта ауқымды шаруа атқарылып жатыр. Соңғы үш жылда 3 мыңдай техника, соның ішінде жаңа ұшақтар мен тікұшақтар, сан алуан қызмет көрсетуге арналған кемелер сатып алынды. 60-қа жуық өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды. Төтенше жағдайлар министрлігінің осыдан екі жыл бұрын құрылған ахуалдық орталығы азаматтық қорғаныс жүйесін басқаруға арналған маңызды құрылымға айналды. Соның арқасында тұрақты бақылау, қауіп-қатерді алдын ала болжау, жедел шешім қабылдау жұмысы оң нәтиже бере бастады», деді Президент.

Көп оқылғандар