Сурет: ашық дереккөз
Екатеринбургте полиция мен еріктілер «Ғарыш кубогі» шахмат турнирінен кейін жоғалып кеткен 12 жастағы оқушы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
SHOT Telegram-арнасының мәліметінше, қыз жарысқа 18 қазанда келген. Күрделі партиядан кейін ол эмоцияға беріліп, ғимараттан шығып, көшеге жүгіріп кеткен. Оның үстінде жылы аяқ киім болмаған. Содан бері бала туыстарының қоңырауларына жауап бермей, байланысқа шықпай отыр.
Жоғалған оқушы жас модель, актриса ретінде және «Лучше всех» мен «Вундеркинды» тележобаларының қатысушысы ретінде танымал. Ол шахматпен кәсіби түрде айналысады. Қыркүйекте Челябіде өткен бүкілресейлік блиц-шахмат турнирінде алтын медаль жеңіп алған.
Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, Ресейдің Тула облысында мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионатына 12 елден 314 жас шахматшы қатысты. Қазақстаннан 22 спортшы барды. 9 отандық спортшы 3 алтын, 10 күміс, 7 қола, барлығы 20 медаль жеңіп алды.
Мазмұнға өту
