Сурет: ашық дереккөз
Астана әкімдігінің мәліметінше, Ш. Айтматов көшесінің Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты 25-29 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Көліктер жолдың бір жағымен жүреді. Уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет», делінген хабарламада.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1194-1209 (27-42) шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін аталған учаскеде, яғни Жібек жолы – Қаскелең аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
