Сурет: istockphoto.com
Елордада жүргізушісіз көліктерді сынау үшін арнайы алаңдар мен жалпы қолданыстағы жолдарда сынақ маршруттары белгіленбек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жұмыстар үш жылдық пилоттық жоба шеңберінде жүргізіледі. Тиісті қаулы жобасы 2 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Бұған дейін жүргізушісіз такси қызметін әуелі Астанада, соңынан Алматы мен Ақмола облысында іске қосу жоспарланған еді. Коммерциялық жолаушы тасымалына шығу үшін автокөліктер бірнеше мың шақырым сынақтан өтуге тиіс.
Қазірдің өзінде Алматыда қаланың цифрлық картасын жасайтын алғашқы автокөлік сынақтан өткізіліп жатыр. Шілде айында Алматы мен Астанада алғашқы ұшатын такси таныстырылған болатын.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады.
Мазмұнға өту
