Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада жыл басынан бері зейнетақы төлемдерін заңсыз тағайындаудың 22 дерегі анықталды. Заң бұзушылар мемлекеттен жалпы сомасы 2,9 миллион теңгеге жуық қаражат алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, заңсыз төленген қаражаттың бір бөлігі мемлекетке қайтарылған. Бүгінде республикалық бюджетке 2 миллион теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды. Аталған заңбұзушылықтар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында анықталған.
Қазіргі таңда елордада 157 мыңнан астам адам зейнетақы төлемін алады. Осыған байланысты департамент басшысы зейнетақы рәсімдеу кезінде азаматтар тек шынайы мәлімет ұсынып, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы қажет екенін еске салды.
Мазмұнға өту
