Сурет: Egemen Qazaqstan
Бүгін Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды. Биылғы басты тақырып – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру», деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Форум аясында сарапшылар мен мемлекеттік қызметкерлер цифрлық экономика мен жасанды интеллектіні дамытудың жаңа жолдарын талқылайды. Қатысушылар ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлескен жобаларды ұсынады.
«Біздің мақсатымыз – ЕАЭО аймағында цифрлық трансформацияны жеделдету. Жасанды интеллект бұл үдерісте негізгі рөл атқарады», – деді форумның ашылуында ЕЭК өкілі.
Форум үш күнге созылады. Оған 20-дан астам елдің делегаттары қатысуда.

