Астанада төрт автобус аялдамасы уақытша жабылды: себебі неде?

Астанада «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, бұл шара жол жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған. Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша ыңғайсыздықтар туғызғаны үшін кешірім сұрайды.

«Жөндеу жұмыстары аяқталған соң аялдамалар қайта іске қосылады. Нақты мерзімін кейінірек хабарлаймыз», — деді компания өкілі.

Қазіргі уақытта аталған аялдамалардың орнына уақытша аялдамалар орнатылған. Жолаушыларға бағыттарды алдын ала тексеріп алуға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

Талдықорған теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті.

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қатар Әміріне көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен ЕО стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Еуропа арасында академиялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен инновациялық жобаларды көбейту және…