Қоғам

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтеді

Сурет: ашық дереккөзден

21–22 қараша күндері Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастыратын ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орайластырылған. Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумы аясында ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және өзге де облыстардың фермерлік шаруашылықтары қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.

Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – өнімдерді өндірушілердің тікелей сатуы. Бұл делдалдарды болдырмауға, фермерлердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және елорда тұрғындарының сапалы отандық өнімдерге тікелей қол жеткізуіне жол ашады.

Жәрмеңке өңірлік өнімдерді ілгерілетуге, отандық мал өсірушілерді қолдауға, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға арналған қосымша алаңға айналады.

Сауда 21 және 22 қараша күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Астананың үш алаңында қатар жүргізіледі:

«Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б. Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

«Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1. Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

«Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3. Автобус бағыттары: № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.

Көп оқылғандар