Астанада шомылу маусымы ашылды: құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін ескертті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада шомылу маусымы басталған соң, құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Тұрғындарға тек арнайы белгіленген жағажайларда ғана шомылуға рұқсат етілген.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарды суға түсу кезінде қарапайым ережелерді сақтауға шақырды. Атап айтқанда, балаларды суда қараусыз қалдырмау, мас күйінде шомылмау және белгісіз жерлерге секірмеу керек.

«Өкінішке қарай, жыл сайын суға бату оқиғалары тіркеледі. Оның алдын алу – әр адамның өз жауапкершілігі. Тек рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылыңыздар», – деді Астана қалалық ТЖД басшысы.

Құтқарушылар қала маңындағы су айдындарына да бақылауды күшейткен. Олар күн сайын рейд жүргізіп, тұрғындарға ескерту жасайды.

Ұқсас жазбалар

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…