2023 жылы Астанаға медициналық туризм аясында 10 мыңнан астам шетелдік келді. Олар негізінен Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Швейцариядан келген дәрігерлер, медициналық бизнес өкілдері мен инфлюенсерлер болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қонақтар елорданың медициналық туризм әлеуетімен танысып, жергілікті клиникалардың қызметтерін жоғары бағалады. Әсіресе, кардиология, нейрохирургия және офтальмология салаларына қызығушылық танытты.
«Біздің мақсат – Астананы Орталық Азиядағы медициналық туризмнің басты орталығына айналдыру. Шетелдік мамандардың келуі – осы жолдағы маңызды қадам», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Биыл медициналық туризмді дамыту үшін арнайы бағдарлама іске қосылып, шетелдік пациенттерге жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, елордада халықаралық медициналық форум өткізу жоспарлануда.

