Сурет: Бейнежазбадан
Астанада қауіпті дрифт жасаған 29 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы операторлары оқиғаны анықтаған. Патрульдік полиция жүргізушіні ұстап, көлігін айып тұрағына қойды.
Ер адам BMW автокөлігімен адам көп жүретін жерлерде маневрлер жасап, жолаушыларға қауіп төндірген.
Аталған фактілер бойынша құқықбұзушы 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды,
делінген хабарламада.
Полиция өкілдері жолдағы дрифт пен агрессивті жүргізу басқа азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп, мұндай құқықбұзушылықтарға қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

