Басты тақырып

Астанада қатар тұрған үш үй өртенді: тұрғындар эвакуацияланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада бір көшедегі үш жеке үйден өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданы Толстой көшесінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер шақырту бойынша жедел жеткен. Оқиға орнында 30-ға жуық қызметкер мен 8 техника жұмыс істеді.

«Өрт үш үйдің шатырын шарпыған. Біз тұрғындарды қауіпсіз жерге шығардық, зардап шеккендер жоқ», — деді қалалық ТЖД өкілі.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Көп оқылғандар