Сурет: istockphoto.com
Астанада пәтерін жалға берген бойжеткенге қол көтерген 22 жастағы жігіт ұсталып, сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz.
Полицияның мәліметінше, жанжал пәтерді жалға алған жігіттің баспананы уақытында босатпауынан туындаған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда жігіттің балағат сөздер айтып, өзін телефонға түсіріп тұрған бойжеткенге тап бергені көрінеді.
«Пәтер иесімен арада туындаған жанжал барысында ол бойжеткенді ұрып, оған балағат сөздер айтқан. Полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», делінген полиция хабарламасында.
Сонымен қатар ер адам қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Еске сала кетейік, жуырда Ақмола облысында жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыру жариялап, табыс тапқан 31 жастағы әйел ұсталды.
Мазмұнға өту
